Жаңалықтар

Ақтөбе облысында былтыр 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылды

Бүгін, 10 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Есеп беру​ кезінде өңірдің 2020 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижесі баяндалып, биылғы жылдың міндеттері белгіленді. Шектеу шараларына байланысты кездесу онлайн түрде өтті.​

Өңір басшысы азаматтардың табысын көтеру, өңір халқының әл-ауқатын жақсарту мәселесіне баса назар аударды.
«Кәсіпорындардың жұмыстарын тоқтата тұруларына, карантиндік шектеулерге ​ байланысты азаматтардың табыстарының төмендеу қаупі пайда болды. Осы проблеманы шешу мақсатында тиімді шаралар қабылданды. Атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде 520 мыңға жуық ақтөбелік 20 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем алды. ​ 900-ден астам кәсіпорын 30 мың қызметкердің еңбекақысын орташа алғанда 10 %-дан 50 %-ға дейін өсірді. Жалпы, облыс тұрғындарының орташа айлық еңбекақысы 13,4%-ға өсіп, 173,4 мың теңгеге жетті. Осы жылы халық табысын арттыру жұмыстары жалғасатын болады»,-деп жеткізді облыс әкімі.
Инфрақұрылымды айтарлықтай жақсартып, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берген «Жұмыспен қамтудың жол картасына» 41,5 млрд.тг. бөлінген. Қаражаттың көп бөлігі 300 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталып, қосымша 12,1 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Оңдасын Оразалин: «Жаңа жұмыс орындарын құру және тұрғындарды жұмысқа орналастыру, былтыр, әсіресе күрделі жағдайда өңірді дамытудың басым бағыттардың бірі болды. Біз жұмыссыздыққа жол бермей, деңгейін 4,8%-да ұстай алдық. 23 мыңнан аса жаңа, шамамен 60% ​ тұрақты жұмыс орындары құрылды.​ 54,2 мың адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен қамтылды. Ағымдағы жылы кемінде 23 мың жаңа жұмыс орындарын ашумен айналысатын боламыз. Сондай-ақ, шамамен 50 мың адамды қамтуды жоспарлап отырған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады. 40 мыңнан астам адам 3 млрд теңгеден аса соманы​ атаулы әлеуметтік көмек, 12 мыңнан астам бала 1 млрд теңгені әлеуметтік пакет ретінде, ​ 1,1 мыңнан аса отбасы тұрғын үй көмегін алып отыр»,- деп атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button